Алтынгүлге

Бұл бетте «Алтынгүлге» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1230
(Құрдасының атынан жазып берген)

Көп сәлем көрмесем де, Алтынгүлге,
Өзіндей кім қызықпас гәуһар, дүрге.
Орнығып ойыма ышқым алғаннан соң,
Сөйлесем түспей тұрмайды атың тілге.
Қалыңнан қаптап жанған өрт сияқты,
Түрің бар түсіретін неме түрге.
Сондықтан саған шырақ өтінемін,
Сөйлессек қайтер еді деп бір түн бірге.
"Сәті бар сәлемнің де" - дегендей-ақ,
Болып тұр қосылғандай қоныс, ірге.
1921.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтынгүлге өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Алтынгүлге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтынгүлге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтынгүлге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері