Жылжиды түнім, жылжиды – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Жылжиды түнім, жылжиды» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2151
Жылжиды түнім, жылжиды,
Бу-айдында гүл жүзді.
Көкжиек-обыр қылғиды
Төбемнен өткен жұлдызды;

Батады жұлдыз, кәрі аспан
Батысқа аунап түсті бір.
Қараңғы, жарық таласқан –
Төменде оттар, үсте іңір...

Кетеді ой кейде түңілтіп,
Алдайды кейде арманмен.
Бітірмесем бүгін түк,
Ұяламын-ау таңнан мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылжиды түнім, жылжиды өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Жылжиды түнім, жылжиды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылжиды түнім, жылжиды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылжиды түнім, жылжиды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері