О, ғажайып! – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «О, ғажайып!» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2910
О, ғажайып!
Мына күннің қызуына жылынып,
Көкірегімде көбейеді күннен-күнге бұл үміт.
Сол бір үміт Отаныма сүйене кеп туады,
Жылытқанда жердің төсін махаббаттың шуағы.

Әрбір күні мезгілімнің туып жатса ту ала,
Әрбір көңіл күй тумас па, жыр тумас па қуана.
Сол қуаныш – бұл ғасырдың жүзіндегі алауы,
Сол қуаныш – біздің қолдың көтеретін жалауы.

Сол жалауды алып ұшты, ұшты кеме – жас арман,
Ол – Көкірек түкпірінде махаббаттан жасалған...
Біздің данқ-мұқитына көмілді жау күңкілі,
Кремльдің оттарының қадалғанда кірпігі!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері