Жігіттер, жаман сөзді кəсіп етпе – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Жігіттер, жаман сөзді кəсіп етпе» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жігіттер, жаман сөзді кəсіп етпе,
Құрбыңды өзің теңді басып өтпе.
Басыңа бір уақытта жұмыс түссе,
Дұшпан түгіл досың да қашар шетке.
Жігіттер, мал мен басым көп демеңіз,
Киім бүтін, тамағым тоқ демеңіз,
Дəуіттің отыз ұлын бір күнде алған,
Біздерге жала-қаза жоқ демеңіз.
Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар,
Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,
Мал-мүлкің, қатын-балаң бəрі қалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері