Ұлы даланың ұлы перзенттері – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Ұлы даланың ұлы перзенттері» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3399
Жалаң аттың жалымен,
Жалаң қылыш жүзімен.
Жауға шапқан бабамның,
Даусын аңсап ізімен.
Қырандайын қомданып,
Қаламымды қолға алып.
Жолға шықтым бел буып,
Тебіреніп, толғанып.
Жанды алдымнан шырақтар,
Сырын айтты қыраттар,
Далам тұнған ән екен,
Бабаларым нар екен,
Ерліктерін айтпасам,
Келешектен не күтем?!
Келер ұрпақ құлақ сал.
Алға ұмтылған бұлақтар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері