Өлең, жыр, ақындар

Тұмар қыз (Томирис)

  • 07.06.2019
  • 0
  • 3
  • 7734
Өн бойымда тулап Түркі от қаным,
Қолға ұстасам ұлы дала кітабын.
Сағымдардан желкен құрып өрлікпен,
Ғасырлардың тік көтеріп ақ таңын.
Көз алдыма елестейді Тұмар қыз,
Алға тартып желден жүйрік тұлпарын,
Сілкіп тастап заманалар қатпарын,
Шумерлердің тасқа біткен тілімен,
Арийлер мен Сак,Ғұндардың үнімен,
Жеткізгендей ақиқаттың хаттарын.
Сыйға тартып «Қазғақ Оғұл» бақ дәнін,
Бабаларым мәрмар тасқа жаздырған,
Енесейде ескерткіш қып қалдырған,
Ұғындырым»батыр балам» сөз мәнін.
Тектіліктің жоғалтпастан салмағын,
Биік ұстап ел намысы- ар әнін.
Солмау үшін үміт күткен ұрпағы,
Қасиетін сезінуге ақ таңның,
Қайталанбас Массагеттер патшасы,
Қорғай білген ерлікпенен Отанын!
Қалдырмасқа туған елін тұманға,
Шаң түспеске ата жұрты Тұранға,
Қорған болған жарқыраған сәулеті,
Ұқсап бейне еркін өскен қыранға.
Уын шашып кең далама ұмтылған,
Қарсы шығып айдаһардай жыланға.
Сансыз қолды бастап қанды майданда,
Тас талқан қып шапқыншылар әскерін,
Қиян кескі ұрыс салып даламда,
Тапталмасқа ата-баба сүйегі,
Таңылмасқа ез атанып қор таңба,
Басын алған Қир патшаның айқаста,
Таңданасың Ғұн ұрпағы Тұмарға!
Күн көзіндей шуақ төккен көктегі,
Жеңісі оның еске салып өткенді.
Әруағы кең даламда дем беріп,
Тылсым күшпен жеткізгендей көктемді.
Аласұрып толқын шашқан мұқиттай,
Ышқынумен іштен тартып от демді,
Жыр төкпесем қысатындай өкпемді.
Жарып туған, жанып туған асылдың,
Құлағымнан жан айқайы кетпейді.
Шақырады ұландарын ерлікке ол,
Жасау үшін адамзаттың көктемі.
Халықта ғой тіршіліктің тұтқасы,
Ол сілкінсе алып жығар кек демі!



Пікірлер (3)

Аружан

Бұл өлең жақсы жазылыпты

Аяулым

Томирис патшайым туралы бұл өлең жақсы шығыпты

Сезым

Олен оте керемет жазылган

Пікір қалдырыңыз

Ғұн патшасы Аттиланың өсиеттері

  • 0
  • 0

Ғұн ұрпағы тумысынан күрескер,
Сені күтіп алда тұр ғой ұлы істер.
Өсиетімді ақ жол тілеп айтайын,
Қабыл алсаң қашпас сенен жеңістер!

Толық

Достықтың ұлы жеңісі

  • 0
  • 0

Қорғасын боран қап – қалың,
Құйындай дүлей бораған.
Қызыл от, жалын жан – жағың,
Сусылдап оқтар салады ән.

Толық

Адай жылқысы

  • 0
  • 1

Бабалар баптай біліп жүдетпеген,
Адайдың жылқысына жел жетпеген.
Көргенде шабысына таңданасың,
Түк емес адам ойы жүйрік деген.

Толық

Қарап көріңіз