Дүйсеке ата мешіті – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Дүйсеке ата мешіті» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2667
Ұрпаққа имандылықтың желін есіп,
Бойына құя білген жігер нәсіп.
Япыр-ай, құлатардай не жазды екен,
Дүйсеке Атам салған сұлу мешіт!
Есерге кеуде керіп, тулап келген,
Жұлмақ боп, өр күмбезін трактормен.
Жан бабам, әруағыменен мертіктіріп,
Жауабын беріпті ғой, бір-ақ тілмен!
Совет те, бұйрық берген жолы қатты,
Көрген соң, құдіретін жоламапты.
Басы ауып, езуінен күлкі кетпей,
Жем бойын шабақ қуып жағалапты.
Өткен мен содан бері ғасырларың,
Ішіне сақтап небір асыл әнін.
Ұрпаққа таңмен бірге тіл қатады,
Сөйлетіп құшағынан асылдарын!
Көк аспан қалықтатып, төсіне ілген,
Құстың да, қос қанатты тілін білген.
Бабалар барған сайын бас иуге,
Ізінен жыр оқытып, тәлім берген.
Жаныма дауа тауып, шөл қыстаған,
Сырласып Рухтармен тыныс табам.
Тұрады көз алдымда Дауытбай қарт,
Азан сап, мұнарадан дауыстаған!
Аллаһу әкпар! Аллаһу әкпар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері