Өлең, жыр, ақындар

Әжібай әулие баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1606
Кел, кел балам жақында бермен қарай,
Күтудемін өзіңді төзім қалмай.
От кеудеме ой салып сағынышпен,
Ақ босаға-Кең Жылыой алтын арай.
Қорған болып бұл жерде әрбір тасқа,
Қас жауына қорланып құл болмасқа.
Елін сүйген даңқты ерлер жатыр,
Сертін берген мәңгілік айнымасқа.
Оны бұзу ауыр дерт текті ерге,
Шаң түсірсең адамдық келбетіңе,
Тіке қарап бетіне ел жұртыңның,
Қалай тірі жүресің жер бетінде.
Ешкім өлмес беріктік адалдықтан,
Бақытты абыроймен арын баққан.
Имандық тұтқасымен сұлу ғалам,
Бәрінде зейін қойып тыңда балам,
Қыран ұшпас қанатын қомданбаған.
Мына жерде Ертуған әжеңменен,
Қатар жатыр ержүрек Назар бабаң!
Қол бастаған ол талай елді қорғап,
Оны көрсе сескенген жауы қалмақ.
Пір Бекеттің найзасы Назар бар деп,
Жұлады екен шаштарын өзін қарғап.
Қас дұшпанды аунатқан жерге тақыр,
Бар осында Өгей мен Бегей батыр.
Туған елге төрт түлік мал сыйлаған,
Қой әулием киелім ол да жатыр.
Қастерлемей әруақты ақын балам,
Ешкімнің де бақ нұры ашылмаған.
Сен нәр алар киелі тамырың да,
Сол бастаудан сусындап басын алған.
Құлақ түріп біз айтқан өсиетке,
Еске сақтап сен оны қасиетте.
Арың таза болмаса баба алдында,
Тап боласың адасып қасіретке.
Алға баспай ойланып алған ісің
Әлсірейді бойыңда қуат күшің,
Сен өмірге келгенсің білсең анық,
Бабалардың жолдарын жалғау үшін.
Адалдықпен ақтасаң парызыңды,
Сонда ғана тірлікте бақыттысың!
Тағдыр бізді тонаған талай ұрып,
Жасымадық біз оған құлай бұғып.
Келер ұрпақ бақытты күн кешсін деп,
Көз ілместен қорған боп талай тұрдық.
Лаулап өрттей өршігіп өрістеген,
Ел ішінде дау шықса келіспеген.
Сынықшыдай сипалап су сепкендей,
Сөндіргенбіз әділет игі істермен.
Жетім көрсек панасыз бауырға алып,
Туған ұлдай көрсетіп бауырмалдық.
Шуақ төгіп мейірім шапағатпен,
Өсіргенбіз бойына жалын жағып.
Кең әлемде болсын деп тек жақсылық,
Біз арманға ерлікпен құлаш ұрдық.
Үміт артып сендерге келер ұрпақ,
Ата жолын қуар деп, жалғастырып.
Сыйым болсын білдірген ықыласым,
Тек жақсылық жасауға ұмтыларсың
Көп кешікпей соға кет Басшы атаңа,
Елім үшін қиған ол қыршын жасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төлеген Айбергенов

  • 0
  • 0

Жырларында нажағайдың жарқылы,
Жүрегінде Отанының отты үні.
Сезімінде кең даламның ақ гүлі.
Рухында өр Алтайдың шыңдары,

Толық

Шыңғыс хан

  • 0
  • 0

О, Шыңғыс хан – ТҮРІК ұлы айбынды,
Қият нұрдан жарқыраған айдыны.
Толқынына толық түскен ай нұры,
Жан анаңның тас емшегін иітіп,

Толық

Рейхcтагқа ту тіккен

  • 0
  • 0

Рейхcтаг жаудың ордасы,
Таусылған соңғы айласы,
Құрсауды мұнда залым жау.
Мақсаты қолға алынбау.

Толық

Қарап көріңіз