Арал батыр үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Арал батыр үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ерлік туралы өлең берілген.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1638
Қолыма семсер алып он бес жаста,
Мен ендім қанды майдан сан соғысқа.
Бостандық-ел тұтқасы Тәңір сыйын,
Басқыншы бұғау салып былғамасқа.
Еліме оралмасқа күл ғып өзін,
Қираттым талай барып жау күмбезін.
Отаннан артық ыстық ана барма,
Жаныңда өшпесін тек өрлік сезім.
Өсірген сүйген елді туған жерді,
Қорғамай жасық болса мұрагері.
Сыйламай бабалардың әруағын,
Қор болып басын бұғып тірі өлгені!
Тәңірім түсірмесін мұндай қайғы,
Ез болсаң ел жұртыңа кім қарайды.
Ақын ұл жеткізе біл ұрпағыңа,
Ұлттық Рух намысы бар қор болмайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері