Жаңа жыл, бәрі-бәрі жаңаруда – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Жаңа жыл, бәрі-бәрі жаңаруда» атты Дәурен Айманбетов жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2816
Жаңа жыл, бәрі-бәрі жаңаруда,
Аспаннан ақша қар боп тарады нұр.
Тілегім бе? Тілегім – жүрегімнің,
Орындалса болғаны қалауы бір.
Ақ қармен жағаласып жүрегімнен,
Жоқты тілеп жабырқап тамады нұр.
Білемін, түсінемін, бұл жылы да,
Сор жаным еншісінен қалады құр.
Жаңа жыл, дала салют, толы шуға,
Шампан толы бокалдар соғысуда.
Тар балконнан бақылап әлі тұрмын,
От жанымның батқандай шоғы суға.
Ешкімменен ісім жоқ ешкімнің де,
Жұмысы жоқ, жайымды жорысын ба.
Бос қиялдап, баяғы бала ғашық,
Армандадым көрінсе деп жол ұшында,
Жаңа жыл, бәрі-бәрі жаңаруда,
Ашып қалды пердесін таң ару да.
Жаңара алмай тағы да тағы қалдым,
Сол қалпымда, көлшік мұң жанарымда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері