Есболай батыр баба үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Есболай батыр баба үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ерлік туралы өлең берілген.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1719
От құшағы мәңгі көктем жап-жасыл,
Туған ел ғой жанға жақын ең асыл.
Айрылған соң бірлігінен уыздай,
Азап кешті бейнет тартып сан ғасыр.
Іргелері бөлінбестен Алты Алаш,
Жарқыраған семсердей боп құдды алмас,
Жауға бірге бас көтерсе ерлікпен,
Зұлымдықтан бас кетпейме жым жылас.
Берік болсын Түрік халық бірлігі,
Сонда қайрат жігер күші мұқалмас.
Жеткізуге ел мұратын жеңісін,
Біз алыстық азаттықтың таңы үшін.
Отта кештік, мұзда кештік құлыным,
Тарылмасқа сенің өмір тынысың!
Адамдар ғой шын тірегі ғаламның,
Жырлай біл сен имандықтың ар әнін.
Талай ерлік туар ұрпақ барында,
Тек ақиқат болсын мәңгі ұраның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері