Өлең, жыр, ақындар

Арыс баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1265
Ерлігімнен өшпейтін көздеп белгі,
Жырларыңмен тербетіп іздерімді.
Тебіреніп келдіңбе ақын балам,
Сағыныштан сарғайып іздеп мені.
Біздер көріп сан талай арпалысты,
Бой бермедік ұмтылған жауға сұсты.
Сендер үшін айқастық қанды төгіп,
Не бар мынау жалғанда ардан күшті?!
Өжет болдық бір елі шегінбедік,
Күн бесігім Кең Жылыой-елім дедік.
Қара бұлттай түнерген дұшпаныңды,
Қара жерден тұрмастай желімдедік.
Дастарханым-кең далам тозбасын-деп,
От кеудеде алаулап маздап жүрек.
Бұлақ аштық ел ішін ағартуға,
Білім жолын, ұрпағым саған тілеп.
Исламнан нұрланған шуақ алып,
Білімдінің сен ұқсаң күні жарық,
Арылмаған бойдағы иттігінен
Білімсіз жан бишара надан ғаріп.
Бабалардың бұл хаты жазған саған,
Терең оймен толғанып,оқы танып.
Сатпа арыңды ақшаға өлсең дағы,
Адалдықта адамдық мирас бағы.
Көлеңкесі көптіктің алтын болар,
Өзімшілдің өзінде қимас тағы.
Ел боламын десеңдер ырысы бар,
Биіктерді ақылмен алысып ал.
Оның үшін түзе сен бесігіңді,
Басталатын төрінен ұлы асулар!
Өздерің ғой емдейтін жан жарамды,
Өткеніңе өз салып тыңда әнімді.
Туған елдің көгінде туы болып,
Жалғаңдаршы шуақты таңдарымды.
Туған жердің үгітіп тасын жарып,
Темір жолдар шырмаған басымды алып.
Сен келгенде серпіліп бір аунадым,
Ақын балам келіп тұр есіңе алып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйіндік баба

  • 0
  • 0

Жеті түнде қараңғыны қақ бөлген.
Қайран баба жауға тізе бүкпеген.
Көз ілмеген қайқы қылыш асынып,
Елді қорғап Адай туын көтерген!

Толық

Концлагерьде туған қыз

  • 0
  • 0

Құтылып дүлей бораннан,
Жым – жырт жатқан даланы – ай.
Көк майсаға оранған,
Бейкүнә сәби баладай.

Толық

Бегалы ата үні

  • 0
  • 0

Құламаған екен ғой шаңырағым,
Кел,кел бері жақында шамшырағым.
Менен туған Сейсекен ұлымын деп,
Тебіреніп жеттіңбе жапырағым?

Толық

Қарап көріңіз