Дала үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Дала үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2239
Айта білген мәңгілікке ар әнін,
Біздер куә ерлігіне бабаңның.
Домбырада күймен жазып қалдырған,
Ұлылыққа баспалдақ қыл жолдарын.
Елін қорғап қатерлерден қауіптен,
Бір Аллаға имандықпен тәубе еткен.
Бағалаған кісілікпен мәртікті,
Биік қойып байлық толы дәулеттен .
Адамзатқа тек амандық тілегі,
Аузын ашса көрінетін жүрегі.
Сенің бабаң сұлулықты ұнатқан,
Құлан мінез жүйрік мінген ер еді.
Көрініп тұр сан жолдарды кезгенің,
Кел, кел, балам көрсетейін іздерін.
Туған жерге қорған болып тұр олар,
Әр төбеде тасқа жазып сөздерін.!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері