Өлең, жыр, ақындар

Өтежан Нұрғалиев

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2601
Бөлек біткен жаратылыс күмбезі,
Ақындардың ақыны еді ол өзі.
Сыймай кетті кең дүние тар болып,
Әділетсіздікке шоқтай жанып өзегі.
Сүйе біліп өзі сүйген халықты,
Ол үйретті еркіндікті даңқты.
Ар-намысын биік ұстап кірлетпей,
Жырлай біліп Отан атты алыпты!
Нар еңбекке табындырып жүректі,
Шақырумен жарқын жаққа желекті.
Отты өлеңнен соғып әсем сәулетті,
Шырақ жағып дарындылар жолына,
Аямады қолдан келер көмекті.
Терең оймен дариядай ағыла,
Ие болып ер азамат тағына.
Нажағайдай көкте ойнаған шатырлап,
Бағынбады озбыр билік заңына!
Жағынумен жөндеп алып жағдайын,
Менменсумен кеуде соққан талайдың.
Бетін тіліп ақиқатты айтқан ол,
Өрлігімен тура біткен Адайдың!
Тазалықты алған әбден бекініп,
Қас жауы еді алдау-арбау өтірік.
Жоламайтын маңайына арсыздар,
Тастайтындай тұншықтырып өлтіріп!
Қажет етпей тіршіліктің арзанын,
Шарқ ұратын іздеп ойдың маржанын.
Табиғат- ана өзін бөлек туғызған,
Дауыл еді мәрт мінезі жайсаңның!
Өзі сыйлап туғанынан дарынды,
Жаратқаннан болған туыс жақыны,
Ел бақытсыз сыйламаған ақынын.
Шаңға апарып лақтырғандай алтынды,
Басқасалса кім көтермес тағдырды.
Қоқыс толы, қорқау толы қоғамның,
Шеңберіне кірмей кетті ақыры!
Ақиқаттан іздеп биік арманын,
Досы болып жаны таза жандардың.
Үміт артып інілерге дарынды,
Сыйлап кетті қолдан дана қаламын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төремұрат батыр баба үні

  • 0
  • 0

Таусылмайтын арман көп әр жүректе,
Ем жоқ екен, құлыным ажал дертке.
Кең Жылойдың бұйырмай топырағы,
Қалған жерім осы жер шөл үстірте.

Толық

Әруақты ата – Ер Қосай

  • 0
  • 0

Әруақ қонған жасынан,
Жақсылығын асырған..
Күш қуаты бойында,
Тасқын судай тасыған.

Толық

Жареке хазірет үні

  • 0
  • 0

Туған жерге арнап дәйім дастанын,
От кеудесі алаулаған жас жалын.
Мешітімнің құлап қалған орнында,
Мұңға батып қандай ойдан жасқандың?

Толық

Қарап көріңіз