Табылды Досымов – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Табылды Досымов» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1510
Оны ұғады ақын жанын түсінген,
Жүректегі ыстық әннің күшімен.
Сүйді байтақ шексіз-шетсіз даласын,
Шығармастан әрбір қырын есінен.
Қуанумен қазақ болып туғанға,
Қуат алып ана тілі күшінен.
Мүмкін емес сүймеу туған жеріңді,
Туып өскен айдын шалқар көліңді.
Соның бәрі сұлулықпен сыр шертіп,
Оның ақын жүрегінен көрінді.
Тәңір берген дарындықтың сәулесі,
Гитарадан жырға айналып төгілді.
Туған елмен егіз бітіп тынысы,
Қалап алып өнер атты ырысты.
Бар азапқа шыдап бақты тоңса да,
Өзгертпестен жүректегі қағысты.
Толқындарын Ақ Жайықтың билетіп,
Аққулардың үніменен табысты.
Бір қосылып қайталанбас дауысы.
Беттен соққан дауылдарға қарамай,
Ғылым шыңға өрмелеген данадай.
Өнер десе ішкен асын қойған ол,
Әуел бастан соның үшін туғандай.
Асықты ол барын елге берерге,
Тауды жарып алға ұмтылған бұлақтай!
Қалмау үшін қолын бұлғап жырақта,
Әсем сазбен әнін құйып құлаққа.
Сұм ажалмен Ер Төстікше адысып,
Айналғаны алаулаған шыраққа.
Көз алдымда оның жарқын бейнесі,
Сапар кешіп кеткендей ол бір жаққа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері