Сен де армансың

Бұл бетте «Сен де армансың» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4129
Сен де армансың,
Мен де арманмын, арманбыз,
Армандарды армандарға жалғармыз.
Саған құсым қалықтайды алыстан,
Аманбысың,
Алматыда қалған қыз?!

Мен де еркемін,
Сен де еркесің, еркеле,
Еркеліктің елік-күні келте ме?!
Күйіп-күйіп, күпті болған көңілді,
Өтінемін, екінші рет өртеме!

Сағыныштан жарыма жас тола,
Өзің болып қол бұлғайды Астана...
Лүпілдеген жүрегімсің сен менің,
Қалайша оны жұлып берем басқаға?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен де армансың өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Сен де армансың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен де армансың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен де армансың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері