Данышпан дала

Бұл бетте «Данышпан дала» атты Сайлаухан Нәкенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 888
Айтамысың, пәк далам, айтамысың,
Жер бетiнiң сен де бiр байтағысың.
Жауға шапсаң, жататын дейдi сенiң
Сағат сайын құйылып қайта күшiң.
Бар өзiңде батырлық, қайсар қылық,
Бар жомарттық, өзiңде байсалдылық.
Дұшпандарың у салған сырлы аяқты
Қайтарыпсың әдейi май салдырып.
Еркiндеп те, кетiптi ержетiп ел,
Қандай ұлы күшпенен тербетiп ең!
Мыс мұхиты толқыса жер астымен,
Дариялар тулапты жер бетiмен.
Бiр қиырдан бiрге ұшсам сұңқарға ерiп,
Келедi ол да өзiңдi iңкәр көрiп.
Торы мiнген төсiмдi теппесiн деп,
Койшыға да қойыпсың тұлпар берiп.
Ағыс қандай, аққулар тағы ұшқандай,
Бәрiне де қарапсың данышпандай.
Дәл өзiңдей кемеңгер туа қалған
Әл-Фараби, Шоқан мен Қаныш қандай!
Бәз қалпыңнан айнымай тұршы, дана,
Ағыл-тегiл жыр бердiң жыршыға да.
Ән мен күйге толсын деп бар өмiрi,
Әр адамға берiпсiң бiр сыбаға.
Алыс кетсем, өзiңе асықтырып,
Сен келесiң ғұмырлық ғашық қылып,
Ғасырлардың оқимын шежiресiн,
«Дала» деген дастанды ашып тұрып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Данышпан дала өлеңінің авторы кім?

Сайлаухан Нәкенов — осы өлеңнің авторы.

Данышпан дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Данышпан дала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Данышпан дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері