Өзіңді өзің дәстерлеме

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1318
(Кейбір досқа)

Өзіңді өзің дәстерлеме,
Семіз сөзбен серпіндеп,
Жат көресің елді неге
Оныңнан кім серпілмек.
Жыртық ойың жырым-жырым,
Сыртқа шықса ыдырар.
Арты ашылып барлық сырың,
Бос сөзің ел қыдырар.
Кеселі үлкен кер ауыздан
Кернеп шыққан кейбір сөз,
Дәні шірік бос қауыздай
Үгілер де, өшер тез.
Көп сүймесе, кім күшімен
Елді именіп сүйдірмек,
Дос тимесе өз ісімен
Көпті қалай күйдірмек.
Алтынмын деп жарқылдаған
Жалған жезден жаман жоқ.
Асылмын деп барқылдаған
Айғайға орын қалған жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңді өзің дәстерлеме өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Өзіңді өзің дәстерлеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өзіңді өзің дәстерлеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңді өзің дәстерлеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері