Жорық – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Жорық» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2177
Біз отанның солдаты жауға аттанған,
Біз халықтың қанаты қанаттанған.
Қайтпас семсер, көк болат, біз ақ алмас,
Қаһарменен суарып кекке малған.
Қайырмасы:
Шапсақ
Жайратқан,
Атсақ
Дәл атқан
Біз отанның солдаты
Қаһармен кек қайнатқан.
Біз Отанның баласы батыр туған,
Батыр баба ұрпағы салтын қуған,
Самалды өлке, сәнді тау ұлы Отанға
Басып кірген фашисті қанмен жуған.
Қайырмасы.
Сарқылмайтын Сайлаулы ел күшіміз,
Жанды қияр жауынгер ел үшін біз.
Ұлы дана партия бастаған қол,
Жарқылдайды жақындап бақыт жұлдыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері