Орман таңы – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Орман таңы» атты Сапарғали Бегалин жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 2
  • 3430
Ұшты орманда бұлбұл сайрап,
Есті таңның самалы,
Оянды орман кетті жайнап,
Тамылжыды таң әні.
Қайырмасы:
Көктем әні — көңілді ән,
Біз тыңдаймыз сүйіп жан.
Күн нұрына балқығанда,
Жайнап орман гүлдері,
Алуан түрмен шалқығанда,
Орманда өмір үндері.
Балғын батыр еркін өсер,
Біз пионер жас юнат,
Еңбекте өнер ерте пісер,
Өмірге еркін көңіл шат.


Пікірлер (2)

Акниет

рахмет коп коп

Myrza

Өте тамаша!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері