Соңы – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Соңы» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Саумалап төгілген тұман
Көңілдің ашама кірін
Ойлары толыған күмән
Тым таныс бұл үн.
Ауадан жеңіл жүрісі оның
Ешкімде сезбейді мұны
Бақытқа балайды сорын
Көк тиын құны...
Тербеліп желменен бірге
Аңызға айналған аты
Көкірек көңілі түрме
Тым өшкін жанардың оты
Енді оны танымас ешкім
Ешкімде ұмытпас оны
Таулардан құлаған көшкін
Осылай өмірдің соңы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңы өлеңінің авторы кім?

Нарқұлан Райханұлы — осы өлеңнің авторы.

Соңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соңы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нарқұлан Райханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері