Таңғы табысу – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Таңғы табысу» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1464
Жүр, сәулем, қозғалайық, таң білінді,
Жетті ертіп періштелер мәңгі күнді...
Сен сонда жылап жаттың,
Дала-кеудем
Сімірді сімірудей жаңбырыңды.
Мәңгі күн ақ арайға шықты ілесіп,
Ұлы жер тербелгендей — құтты бесік.
Өткінші түнде жауған шөпке тұнып,
Екеуміз кеттік сосын шықты кешіп...
Рәйіс — сол бір тәтті кез есімде,
Шаттықтың шарап толған көзесінде.
Ерніңді жан сүймеген
Бірінші — мен,
Күн сүйді содан кейін — сезесің бе?!
Түседі сол түн еске бақты көрсем,
Сондағы сезімдерге ақ түн өлшем.
Атқанда күн шығыстан үлбіреп таң,
Үлбіреп күліп келе жаттың-ау сен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері