Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Далаға ұшу

Бұл бетте «Далаға ұшу» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1759
Мен ертең сонау сағымды белге ұшамын,
Қонамын қырға, толады нұрға құшағым.
Адымымды менің құрсаулап жүрген құса - мұң
Шешіліп қалар — кісенім, шідер, тұсауым.
Перғауындардың әскерін қырған Мұсаның
Асатаяғы — қаламсап болар, мысалы.
Қауырсын қалам — тоғытып жырға толғайды,
Сия орнына құйып ап қайтқан құс әнін.
Тағы бір шолып даламның шексіз байтағын,
Маң қияныма тағы бір барып қайтамын.
Аңғырттықпенен, иектеп жүріп сайтаным
Ішімде кеткен бар сынды бөлек айтарым.
Төгемін жырды, жүрегім бай да, тіл кедей,
Тілдесе берем тікен де демей, гүл демей.
Шетсіз де шексіз сағынышыммен жеткенде
Мүмкін бе оның қалуы маған — үндемей?!
Бұлтымен сүртем — дидарына оның шаң қонса,
Қанаты жоқтар талып - ақ қалсын — таңданса!
Дала мен бала сөйлеседі анық сол күні —
Дәуіттің ұлы тақ Сүлеймен бізге жар болса!
Болады ғажап —
Жұмақта көрген түсімдей!
Келемін қайтып ғайыптан түскен мүсіндей.
Даламның сөзін сендерге де айтам...
Әй, бірақ —
Қорлайсыңдар ғой түсінбей!..

06.02.1983. Алматы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Далаға ұшу өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Далаға ұшу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Далаға ұшу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Далаға ұшу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері