Ән-әннен әнге шырқау ән әсері
- 0
- 0
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Асқақ үн, әдемі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.
Бұл бетте «Ғашықпын» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған махаббат туралы өлең берілген.
Жасымнан жақсы көріп сүйдім әнді,
Атырдым әнге бөлеп талай таңды.
Асқақ үн, әдемі ән құшағында
Күн күліп ұясына талай барды.
Күніндей жаудыраған астананың,
Тәтті бір қылығыңдай жас баланың,
Еркелеп оралды өлең елемей-ақ
Өзгенің маған деген қас-қабағын.
Бал сәби тәрізді бір жөргектегі,
Жасымнан ән мен өлең тербеп мені,
Көгершін көңіл соның қанатында
Арманға бастап алыс келмеп пе еді!
Жақсы ғой шіркін
Көктемнің келіп қақпаны
Айқара ашып,
Адымдап кіріп жатқаны.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі