Бебеуледің, жүрегім – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Бебеуледің, жүрегім» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1223
Бебеуледің, жүрегім, неден менің?
Неден менің, жанарым, төмендедің? —
Құбыламның бетке алып желең желін,
Қырға қарай қылаңмен желер ме едім!
Бебеуледің, жүрегім, неден менің?
Көгендегім-ау менің, өлерменім!..
Түздегі елге қолғабыс берер ме едім,
Қозы-ылақтың ағытып көгендерін?!
Бебеуледің, жүрегім, неден менің?
Тек ермегім — бейкүнә өлеңдерім. —
Көктем сайын көретін көгергенін,
Майса құмға жырымды көмер ме едім?
Бебеуледің, жүрегім, неден менің?
Аспаны ма қаланың — Сөнер көгім?..
Жұлқынып тұр далаға көбең көңіл,
Өлер жерім жеткені — Бөгелгенім!
Бебеуледің, жүрегім, неден менің?
Мұның қалай — Тым ерте көнергенің?
Емдейінші өзіңді,
Егем менің,
Қайран қырдың түйретіп тебен-желін!
Бебеуледің, жүрегім, неден менің?
Көгер, көңіл!
Сөгілші Көбемде, Жыр!
Қалсыншы бір ажырап менен де мұң:
Маңдай — Сағым.
Табан — Құм.
Төбемде — Күн...

1981 ж. Жетібай кенті


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бебеуледің, жүрегім өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Бебеуледің, жүрегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бебеуледің, жүрегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бебеуледің, жүрегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері