Қауышу
Бұл бетте «Қауышу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен саған өкінбеймін кеш келдің деп,
Онсыз да өмірімнен өшкен күн кеп.
Сен маған қарсы жүріп келетқанда
Жүрегім дүрс-дүрс соқты:
«қош келдің», – деп.
Мен саған өкінбеймін кеш келдің деп,
Онсыз да көңілімнен көшкен күн көп.
Сен маған қарсы күліп келетқанда
Жүрегім лүп-лүп соқты: «не істермін?», – деп.
Жүрегім жүріп... жүрмей...
Тоқтай қалып..,
Қалықтап,
Қиял құсы көкті айналып...
Өртеніп сағыныштың алауымен
Сен кірдің құшағыма оттай жанып!
Ғажабы ғашықтардың бар ма осындай?! –
Балқыдым қызуыңа қорғасындай.
...Қоштасып сеніменен қайтқан соң да,
Бір өзім келе жаттым жолға сыймай!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі