Санамақ

Бұл бетте «Санамақ» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2269
"Жеті қарақшы — жеті жұлдыз",
Сол жетеудің бірімін.
"Ақбоз, Көкбоз — екі жұлдыз",
Екеуін де мініп кеткен ұрымын.
"Өмірзая — жеке жұлдыз",
Сен де жалғыз тұр екенсің, шыбыным!" —
Деп мен бірде арбап едім бір қызды:
"Жалғыз келдім,
Ер соңымнан,
Сыңар бол!"
Аспандағы санады да жұлдызды,
Сыңқ - сыңқ күліп тілін маған шығарды ол ... 

1988 ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санамақ өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Санамақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санамақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Санамақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері