Ғашық ғұрпы – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Ғашық ғұрпы» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1467
Жүз қызды сүйген Расул сықылдымын,
Жүз қыздың жанарына жағылды мұң...
Талдарды талықсытқан ай астында,
Тағы да сүйгенімді күтіп жүрмін.
Бір бұлбұл бебектейді талға қонып,
Мен тұрмын, тәнде — талғақ, жанда — жерік.
Баяғы жүріп өткен жүз соқпағым,
Тауларды ұялтады Таңба болып.
Ақынның күтіп алып алдан Жарын,
Дәлелдеп жатыр тағы талдар бәрін.
Бұрынғы жазған ғашық-ғазалдарым,
Ең соңғы Сүйгеніме арналғанын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері