Ұл мен қыз
Бұл бетте «Ұл мен қыз» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
немесе әкем Оспан Өтегенұлы айтқан әңгiмеден кейiнгi ой
– Адамдар бар жаны iзгi,
Халықтық боп кететiн.
Туғызған не аңызды,
Ақбөбек – қыз,
Бекет – ұл.
Не кездеспес адымға,
Аттар кезде, көкешiм.
Жүрсiн әркез жадыңда,
Осы екi...
Екi есiм.
Әлсiздерге бiрi оның –
Үмiт бердi, дем бердi.
Жiгiттердi бiрi оның –
Жүрегiмен меңгердi.
Ұлы оның дәрi ойлап,
Ара түстi кеселге.
Қызы оның – арай нақ,
Көрiк болды осы елге.
Айтқанымды екi етпе,
Ұғынып ал, жарығым.
Шын ғашықтар – Бөбекке,
Жәбiрленген – Бекетке,
Сыйынады әлi күн...
Алдыңда әлi түнегiң,
Алдыңда әлi жарығың.
Алдыңда әлi тiлеуiң,
Алдыңда әлi бал үнiң.
Жарығым!..
Деген-дi әкем сонау жыл,
Тербеп Сана, Арымды.
Содан берi жарау жыр,
Мазалайды жанымды.
Өзге ойым – қарау бiр,
Жазалайды жанымды.
Және желпiп алау нұр,
Тазалайды жанымды.
Мен Бабамның,
Тас қашап,
Жазған сырын ашпасам,
Құмға көмiп тастасам.
Онда менi, туған жер,
Ұлым деме ешқашан!
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі