Кемшіліктер көп менде – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Кемшіліктер көп менде» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1379
Кемшіліктер көп менде,
Әлжуаздау бір жан ем.
Ән білмегендіктен де,
Өзіме-өзім ырза емен.
Өнер дарып біткенге,
Табиғат-ау мырза ма ең.
Күй білмегендіктен де,
Өзіме-өзім ырза емен.
Шымырлаған қайнардың,
Түбі болмағасын.
Жиын менен тойлардың,
Гүлі болмағасын.
Болмысым-ау өзіңе,
Шағымым мен назым бұл.
Ал өлең деп шимайды,
Кім болса сол жазып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері