Аңсады сені, сағынды жүрек – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Аңсады сені, сағынды жүрек» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1870
Аңсаймын қырды желпіп бір самал өткенде,
Аңсаймын сырды құрбыға шертер көктемде.
Кездескендердің бәрін де құшсам деп жүрмін,
Жатсыну деген жоқ менде.
Бозторғай көкте бар әуенімен қайталап,
Шарықтап тұрып, сазды бір әнді айтады-ақ.
О, шіркін, дала,
Жазығыңда бір желпінбей,
Жазира көңілім қалайша мынау жай табад.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері