Өлең, жыр, ақындар

Бейімбет

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Көрінеді ылғи маған Би-ағаң
Бауырымдай бірге туған ұядан.
Тағдырына таразылық жасасам,
Тарихымның алдында мен ұялам.
Ол үйінде ұстаған жоқ тұс кілем,
Араз болған азулымен, тістімен.
Үндемепті –
Үйдей бәле тиеп ап,
Түйе жүріп жатса-дағы үстінен.
Сондай жанды ашық күнде кінәлап,
Іс жасадық орны толмас – бір ағат.
Осы ма еді өмірдегі өнеге,
Осы ма еді ұрпақтарға ұлағат!
Таланттыны тартпақтамай, күндемей,
Қолдың ұшын берді соған, кім кедей?!
– Ажал менмін, алам сені! – дегенде
Еріп жүре берген шығар үндемей.
Соңғы сөзін айта алмаған ақ көкем,
Қабырғаңа қандай қайғы батты екен?
Бәлеменен,
Дәнеңемен ісі жоқ,
Адал жанды қандай адам атты екен?!
Қайран аға –
Құлан-таза күнәдан,
Қасіреттің құдығына құлаған.
...Елестейді Бейімбеттің бейнесі,
Адал болса, момын болса бір адам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір – өткел

  • 0
  • 0

Талайларды жылатқан, еңіреткен,
Өмір – асу,
Өмір – бел,
Өмір – өткел!..

Толық

Сені көргім келеді

  • 0
  • 0

Сені көргім келеді –
Сені көргім,
Сенің ғана келеді соңыңа ергім
Бір көруге зар болып,

Толық

Сең

  • 0
  • 0

Көкше мұздың көкірегі қызынып,
Сере қарыс сең жарылды бұзылып.
Мен қарадым алқам-салқам өзенге,
Тереңдіктің тебіренісіне қызығып.

Толық

Қарап көріңіз