Өлең, жыр, ақындар

Томирис емес, Таңырыс

  • 08.07.2019
  • 0
  • 1
  • 2953
Геродот дейдi:
– Томирис!
Мен болсам деймiн:
– Таңырыс!
Таңырыс салған сан ұрыс.
Ен дала кезген еркiндiк үшiн бәрi де,
Бәрi де соның көрмеуi үшiн жәбiр iс.
Келбетi айдай
Пәтшайы өң,
Байы өлген жесiр патша әйел.
Жар төсек аңсап берiлмей ғашық патшаға,
Не керек артық жарасын жазар тапса ем.
Темiр қыз – деп те,
Тұмар қыз – деп те айтып жүр.
Қиялдың құсы сан тұсқа барып қайтып жүр.
Кир патша басын қан толы салған торсыққа,
Әйтеуiр сол жыл бағы асқан Дайдың жойқын жыл.
“Таң болып атсын
Әкелсiн елге мол Ырыс,
Жорықта жүрсек жабылмас жарқын жолымыз”, –
Дептi әке Ұстаз Хафиз, (грекше Спаргапис)
Осыдан шыққан, Тәңiрге тiлек есiм бұл.
Бар сыры осы, (мiнеки, түйiн шешiлдiң).
Өзгеше болып дыбыс пен ырғақ, тiл, екпiн,
Өзiнше жазған саяхатшылары гректiң.
Ұғуға мұны қажет те емес көп нәрсе,
Қазақы сезiм, лүпiлi керек жүректiң.
Құс жолы болып жосылған көкте Тәңiр iз,
Жұлдыздар – адам кезiнде салған сан ұрыс.
Ырым ғып қойған бабамыз ұл-қыз аттарын,
Әкелсiн бiзге күн сайын атар таң Ырыс!!!



Пікірлер (1)

Сагидолла

Өлең өте мазмұнды және терең ойлы шыққан! «Томирис емес, Таңырыс» өлеңі қазақ поэзиясында тарихи тұлғалар мен батырлық тақырыптарын ерекше поэтикалық тілмен ашады — әсіресе Томирис пен Таңырыс образдары арқылы еркіндік, ерлік пен ұлттық рух туралы ойға жетелейді. Ақын Айтуар Өтегеновтің бұл өлеңінде қазақтың тарихи дәстүрі мен батырлар бейнесі, Тәңірге деген сенім мен көне қазақ салт‑дәстүрінің мәні айшықты көрініс тапқан. Мұндай тарихи‑поэтикалық шығармалар қазақ әдебиеті мен поэзиясының әлеуметтік маңызы мен рухани құндылығын арттырады. Рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Шақырамын

  • 0
  • 0

Мен бүгін ерекшемін, өзгешемін,
Басқаны шаттанудан сезбес едім.
Асыл дос!
Бірге болшы меніменен,

Толық

Арғымақтың тұяғы қазған жерлер

  • 0
  • 0

Жауына семсер ұстап шапқылаған,
Бабам-ай,
Қулық-сұмдық пәк күнәдан.
Арғымағың тұяғы қазған жерден,

Толық

Өкпелемен...

  • 0
  • 0

Арманымды күні-түн,
Көз алдымнан көлбетем.
Қиялдаған жігітің,
Басқа ма екен, мен бе екен.

Толық

Қарап көріңіз