Керік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Керік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3619
Білемісің керікті?
Ол – кәдімгі жираф қой.
Табиғат мол беріпті,
Мойын менен сирақ, бой.
Жираф шапса бұлтылдап,
Желкілдетіп кекілді,
Доппен торға ұмтылған
Баскетболшы секілді.
Сондай бой мен мойынды,
Шіркін, маған берсе ғой.
Баскетболдай ойынды
Ойнатып бір көрсе ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері