Жан дүнием – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жан дүнием» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5740
Жан дүнем ізгіліктен жаралған,
Жүрегімнен күн шуағы таралған.
Адамдарды ардақ тұтып, аялап,
Тек жақсылық жасай беру – бар арман.
Бұл өмірде не болмайды күнбе-күн,
Сәтсіздікке ұшыраса кімде-кім,
Сол заматта жетіп барып қасына,
Көмектесу – адамшылық міндетім.
Секілденіп көңілдің көк қыраны,
Әншілердің асқақтаса бір әні,
Қуанышты күйге жаным бөленіп,
Бар адамды құшқым келіп тұрады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері