Жалғасу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жалғасу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1660
Айналайын ұлым-ай,
Құлдыраған құлын-ай,
Шырқау биік шыңым-ай.
Болмаса егер шыңым-ай,
Не болады күнім-ай?
Айналайын немерем,
Немереммен теңелем,
Кеңейеді керегем.
Болмаса егер немерем,
Тағдырыма не дер ем?
Айналайын шөберем,
Шөбереммен көгерем.
Болмаса егер шөберем,
Шаршап барып шөгер ем,
Біржолата сөнер ем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері