Жаңа күн – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаңа күн» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4127
Күндей күліп қабағым,
Жарқырайды жанарым.
Әрбір келген жаңа күн
Жаңа достар табамын.
Алға тартып талабым,
Мектебіме барамын.
Әрбір келген жаңа күн
Жаңа білім аламын.
Құтты болып қадамым,
Бар ынтамды саламын.
Әрбір келген жаңа күн
Жаңа өнер табамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері