Төле бидің толғауы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Төле бидің толғауы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 13213
Әнін жазған Жоламан Тұрынбаев

Билікке келіп бас ұрса,
Турасын айтқан Төле едім.
Ағайын жігі ашылса,
Татулы етсем деп едім.
Қиқулы жауды қайырған,
Еңселі биік ел едім.
Құшағы досқа жайылған,
Даладай дархан кең едім!

Қайырмасы:
Қазағым, халқым – қалқаным,
Сауыкшыл, дана, дарханым.
Береке, бірлік, достықпен,
Арайлап атсын әр таңың!

Астыңа берсе алтын тақ,
Еліңнің саған сенгені.
Баста деп көшті жарқылдап,
Қолыңа тізгін бергені.
Асырса атақ, даңқыңды,
Ұрпақтың өсіп өнгені.
Таныса әлем халқымды,
Бақытты күннің жеткені!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төле бидің толғауы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Төле бидің толғауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төле бидің толғауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төле бидің толғауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері