Жанымды менің ұғыңдар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жанымды менің ұғыңдар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2052
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Күлімдеп тұрған күнім бар.
Күнім бар, нәзік гүлім бар.
Әнім бар, әсем жырым бер –
Жанымды, менің ұғындар.

Қайырмасы:
Көретін әлі күшім бар.
Үзілмес үміт, үшім бар.
Белгісіз қанша ғұмыр бар –
Жанымды менің ұғыңдар.

Анам бар, асыл нұрым бар,
Ағайын, бауыр, інім бар.
Олардан бөлек кімім бар –
Жанымды менің ұғыңдар.

Қайырмасы.

Шығармай жүрген сырым бар,
Шыға алмай жүрген шыңым бар.
Көңілде күдік, мұңым бар –
Жанымды менің ұғыңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері