Қағаз – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қағаз» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 1
  • 771
Оңаша бiр жыр құрап
ой iшiнде адастым...
Ақ қағаздан бұрқырап
иiсi аңқиды ағаштың.
Қағазда сол тұр әлi
ормандардың мұңды үнi,—
судырласа
шығады
жапырақтардың сыбдыры.
Ойларымды әдiптеп
сонда жатыр бар шыным.
Оған тамған әрiптен
даусы естiлер тамшының.
Үнге айналам толады —
өлең—жырға кенелдiм.
Құс боп оған қонады
шумақтары өлеңнiң.


Пікірлер (1)

О

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері