Ақ тамақ қарлығаштар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ тамақ қарлығаштар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4224
Әнін жазған Меліс Өзбеков

Өмірдің бақтарында
Қарлығаштар қалықтайды.
Көңілді шақтарында
Сайрандаудан жалықпайды.

Қайырмасы:
Ақ тамақ қарлығаштар –
Қаракөз қарындастар.
Күн болып көріндіңдер,
Гүл болып өрілдіңдер.

Бақыт боп жаралдыңдар,
Ән болып таралдыңдар.
Қаракөз қарындастар –
Ақ тамақ қарлығаштар.

Көшеде бара жатсаң,
Кезігеді қарсы алдыңнан.
Қиылған қара қастар
Көркіменен тамсандырған.

Қайырмасы.

Тұтатып үміттерді,
Салқындықты жолатпайды.
Қуантып жігіттерді,
Бақыт болып қонақтайды.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері