Тойға тілек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тойға тілек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6090
Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Бір-біріне көптен ынтық қос үміт,
Бүгін, міне, гүл жайнады қосылып.
Тап осындай тамашаның тұсында
Жырлайық, дос, тұрмайық бос тосылып.
Өмір тойы, көңіл тойы – үйлену,
Үйлену – бір кереметтей күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Осы күннен артта қалып балалық,
Осы күннен басталады даналық.
Жас жұбайлар болашаққа беттейді,
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып.
Ал, кәнеки, тойға келген халайық,
Шаттанайық, шаттық әнге салайық.
Жұбайларға бақыт тілеп баянды,
Үлкендердің ақ батасын алайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері