Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде
- 0
- 0
Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде,
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме.
Хайям айтқан бір әнді айтшы, аяулым,
Жаным мұңлы бір нәрсеге қаяулы.
Алқызыл нұр шашқан әсем өлкеде,
Гүлдер үнсіз ғашық жырын шерте ме.
Хайям айтқан бір әнді айтшы, аяулым,
Жаным мұңлы бір нәрсеге қаяулы.
Адам сырын мен көзден-ақ түсінем,
Күлім көздер отыр небір жәудіреп.
Осы кеште сол көздердің ішінен,
Ықыласым біреуіне ауды көп.
«Келініңді түсіруге әзірлен,
Үйленемін»,-дей алмаймын қазір мен.
Қандай жақсы,қандай жақсы бойдақтық,
Көрген қызды қағытатын әзілмен.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі