Өлең, жыр, ақындар

Шипа

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2186
Мен бүгін бір адамды қуандырдым,
Сен-дағы серік болып қуан, құрбым.
Сол жанның жалын ойнап жанарында,
Көзінен ғайып болды буалдыр мұң.
Айықпас ауруға ол шалыныпты,
Қайғырып, уайымға салыныпты.
Дертіне дауа таппай,
Дәрігерге
Құтқар деп бұл бәледен, жалыныпты.
Дәрігер дәрі берген,
Аянбаған,
Аурудың асқынғанын баяндаған.
Өмірден күдер үзген сол пенденің
Болды тез мүшкіл халі аян маған.
Кеселі күдік пенен үрейде екен,
Екеуі екі жақтап ірейді екен.
Жаутаңдап жап-жас жігіт,
Жанға шипа
Боларлық жылы бір сөз тілейді екен.
Тап басып тамырынан,
Қуат бердім,
Жанына жадыраған шуақ бердім:
«Ешқандай кеселің жоқ,
Күдік қана,
Моюы мүмкін емес қуатты ердің!
Өмірдің ырғатылар бір гүлісің,
Көңілдің жырға құмар бұлбұлысың.
Құлпырып жайнайсың да, сайрайсың да,
Тірліктің баға жетпес бір күні үшін...»
Бойдағы бар күдігі былай қалып,
Сенімді сөздерімнен шын айналып,
Сол жанның жалын ойнап жанарында,
Дидары сала берді шырайланып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұсылмандық белгісі

  • 0
  • 0

Айтайын, достар, сырымды,
Сырымды емес, шынымды.
Мінеки, жаным, иманым,
Мінеки, барым, жиғаным.

Толық

Той жыры

  • 0
  • 0

Бүгін, біздің, балалар,
Туған күнгі тойымыз.
Бәріміздің барабар
Бойымыз бен ойымыз.

Толық

Қарға

  • 0
  • 0

Күлкі болып қалмау үшін еліңе,
Алдыменен қараған жөн тегіңе.
Атышулы мықтылармен жанаспа;
Қортық тусаң тегі де,

Толық