Сен мені жамандадың – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен мені жамандадың» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1281
Сен мені жамандадың,
Сырымды бергенім жоқ.
Сүрінбей аман қалдым –
Сыныңнан өлгенім жоқ.
Таныттың тарлығыңды,
Қайырым көргенім жоқ.
Алдамшы, ал бүгінгі
Сөзіңе сенгенім жоқ.
Жалғыз-ақ жанашырым
Тынымсыз еңбегім боп,
Арындап анағұрлым,
Өзіңнен өрледім көп.
Қалдың сен қалыпта бір,
Қызғаныш ермегің боп.
Тартынып тарықпа құр,
Жүргем жоқ жерлегім кеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері