Жүрегім менің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жүрегім менің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3072
Жүрегім менің – бас қалқан,
Жүрегім менің – дастарқан.
Жайылып жұрттың бәріне,
Алдына адал ас тартам.
Жүрегім менің шын мықты,
Көксеген нағыз шындықты.
Есейе келіп түсіндім
Жауыздық деген сұмдықты.
Жүрегім менің – сұлулық,
Жүрегім менің – жылулық.
Ойда жоқ менде рулық,
Бауыр деп, дос деп бұрулық.
Жүрегім менің – пәк тілек,
Жүрегім менің – жас түлек.
Жүрегім жұмсақ жаралған,
Болса да атам Тасжүрек.
Жүрегім лаулап есілсін,
Алдында ардың көсілсін.
Сұлуға жаным сұқтанса,
Қосылған жарым кешірсін.
Жүрегім толы мың арман,
Шыңына кім бар шыға алаған?
Тынысым тоқтап қалғанша,
Қайтпаспын сірә құмардан.
Жүрегім ғашық бәріне:
Бұлбұлдың әсем әніне.
Арудың әппақ тәніне,
Сүйе де берем әлі де.
Берген соң Тәңір ерікті,
Жүрегім менің желікті.
Мүлгуім мүмкін емес қой,
Қыздарды сүймей көрікті.
Жүрегім менің – адалдық,
Жүрегім менің – адамдық.
Болмаған ешкім бақытты,
Ойласа маған жамандық.
Жүрегім текке соқпайды,
Жүрегім неге тоқтайды?
Кенеттен тоқтап қалса да,
Сұлулықты ғана жоқтайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім менің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері