Бұл бетте «Арманым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Алаулап әлі күнге жанғаным жоқ.
Үміттер жетелейді үнемі алға,
Арайлап ататұғын таңдарым боп.
Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Шыңыма әлі шыға алғаным жоқ.
Тынымсыз талпынамын, шарқ ұрамын,
Бүгінді ертеңіме жалғағым кеп.
Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Талпынған талабымнан танғаным жоқ.
Айта алсам болғаны тек:
Өмірімді
Адамзат бақытына арнадым деп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі