Өлгендерді тарта берме көлденең – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өлгендерді тарта берме көлденең» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Өлгендерді тарта берме көлденең,
Өмір заңы ол — сен де өлесің, мен де өлем.
Марқұмдарды мақтай беріп не керек,
Тірлігінде түк бітіріп көрмеген.
Арамыздан ерте кеткен екен деп
Көпшік қойып, көтермейік бекерге!
Өзіміздің қолымызбен жасайтын,
Бұ тірліктің қысқалығы аса айқын.
Жанымызбен, арымызбен аянбай
Күні-түні мүсіндейтін, қашайтын,
Ертеңгі күн қалмау үшін табаға,
бағаласаң — Тірілерді бағала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері