Бар екен ғой

Бұл бетте «Бар екен ғой» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1413
Мына дүние деп жүрсем тар екен ғой,
Шетсіз-шексіз кең әлем шар екен ғой.
Ата даңқын аяққа таптатпайтын
Бар екен ғой жігіттер, бар екен ғой.
Тіл жойылса, осы біз кім боламыз?
Кім боламыз – сусыған құм боламыз.
Ата тек пен айрылсақ атымыздан,
Шұқшалармен тегі жоқ бір боламыз.
Ең әуелі Құдайдың құлымыз ғой,
Тең құқылы халықтың біріміз ғой.
Тіл байлығы жөнінен тңдесі жоқ,
Қазақ деген керемет ұлымыз ғой.
Екіншіден, Ислам – мұсылманбыз,
Бір Аллаға мойынды ұсынғанбыз.
Тіл мен діннен айрылсақ қасиетті,
Көрінеміз қай елдің түсынан біз?
Осы жайдың төркінін ұқты Мұхтар,
Қазағым деп ту ұстап шықты Мұхтар.
Қаншама жыл тілім деп шарқ ұрса да,
Кім табылды Мұхтарды мықты құптар?
Мына дүние деп жүрсем тар екен ғой,
Шетсіз-шексіз кең әлем шар екен ғой.
Ер жігіттер Әбіштей бар екен ғой,
Бар екен ғой – қайыспас нар екен ғой.
Ойсыздарға отырған биліктегі
Лауазымды екен деп илікпеді.
Қазақ тілін білмесең, қазақпын деп,
Жүрсіңдер деп несіне, шүйліккені.
Шенеуніктің көбінің түрі қазақ,
Кімі орыс, білмейсің кімі қазақ?
Сөйлемесе көсіліп өз тілінде,
Қазақ болып қалмайды, түбі азап.
Жоғалтпайық, жарандар, тілімізді,
Қорлатпайық мұсылман дінімізді.
Құрметтейік қастерлеп, хан көтеріп,
Мұхтар менен Әбіштей ұлымызды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бар екен ғой өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бар екен ғой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бар екен ғой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бар екен ғой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері