Өлең, жыр, ақындар

Ленин қаласына

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 438
«Аға ұлт, бауыр ұлт» деп орысты біз,
«Берді — деп — жазы мәңгі қонысты»
Шын сүйсең орыс және оған бауыр
Халықтар Ленинге біз борыштымыз.
Алған дем, көрген жарық, тіккен үйің,
Тәтті ас, ұшқыр көлік, сәнді киім
Бәрін де берген Ленин. Сол Ленинді
Өсірген байқаңдаршы қала күйін?
У жылан көп қаланы сорып шаққан,
Венадан, Будапештен, Белградтан,
Париждан, Брюссельден, Софиядан,
Афинадан тайынбай жалан, қаққан.
Лениннің қаласына қас қылғалы,
Фашистер лай судай тасқындады,
Мызғымас граниттей берік қала,
Лайға ер кеудесін бастырмады.
Қайыспай белі, түскен ауыр жүктен,
Ленинге ақтап антын, тарих күткен
Ерлікпен жықтырмады Смольныйдан
Жалындай қызыл туды Ленин тіккен.
Бұрын да талай тасқын екпіндеген,
Дауылдар талқандаймын деп үрлеген,
Лениннің қаласының болат күшін,
Орнына мұқалтудың өткірлеген.
Оқ өтпес, найза теспес қылыш кеспес,
Қаланы қашан жаулап алды өштес?
Осындай беріктіктен, Ленин атын
Сыйлыққа алған қала мәңгі өшпес?
Қорқытпақ болып шыңды құйымменен
«Қиратам, шалқима, тез иіл!» деген
Ұркөппе Гитлерді кім айтпайды,—
«Шалық,— деп,— жынды қойдың миын жеген
Жүйкесін құртпай, жынға берсе ерік:
Неваның арнасынан суын төгіп,
Қираған қала құмдай төмпе болып,
Саздай боп жатар еді сасып елік.
Дос жылап, дұшпан онда кекеп күліп,
Қаланы өзге жолда төтеп біліп
Кідірмей, үркітіп жау айдар еді,
«Мен келем, құбыжық!» деп етек түріп,
Осыны ойлап Ленин қаласының,
Намысы лаулап туған баласының
Кеудесін төсеп оққа, дұшпанының
Ағызды мергенсіген қарашығын.
Аққанға қарашығы «өледі екен»—
Десек сұм ит жанды бір неме екен,
Сүйретіп өлексесін, қашан жаны
Шыққанша арпалыса береді екен.
Сүйегі үгілгенше күйретіліп,
Келеді алысып жау сүйретіліп.
Бұл халде Ленинді шын сүйген жүрек
Соға ма салқын қанмен үйде отырып?
Қарлығаш жанған досқа тамшы бүркіп
Қорғаса, Лениннен кім күшін іркіп
Қалмақшы? Совет халқы қарлығаш па?
Емес пе шыңда өскен алғыр бүркіт?
Фашистер құтырынып үрген жоқ па?
Үргенде қыран оны бүрген жоқ па?
Жерді күл, күнді көмір етем деген
Жындыға бүкіл дүние күлген жоқ па?
Шыныққан Ленинизм қазанында,
Соғыстың нелер ауыр азабында —
Лениннің қаласымен бірге болып
Білдірді асқан ерлік қазағым да!
Ерлерім! Қайратыңа мақтанамыз,
Міндетті тылда біз де атқарамыз.
Сыйлыққа Қазақстан даласынан,
Жүздеген эшелондар ап барамыз!
Аямай отанынан малды, басты!
Жерінен күні ертең жойып қасты,
Тарихқа «мен Ленинге борышымды
Өтедім!» деп мақтану қандай жақсы!

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған халқыма

  • 0
  • 0

Әр уақыт амандаса келіп кетіп,
Жүргенде сый-құрметін, үнемі өтіп,
Өмірің және елдігің өсуіне
Жылдан-жыл күшейеді сенім бекіп.

Толық

Михаил Иванович Калининге

  • 0
  • 0

Құрметпен қарсы аламыз, келген қонақ,
Азаттық езілгенге берген қонақ,
Мейлі қай ұлт болсын, жылағанның
Кез жасын тыйып, мұңын көрген қонақ.

Толық

Көл қанданды

  • 0
  • 0

Бір жерде он үй барды заты қалмақ,
Атасызды іргелі ел қыспаққа алмақ.
Жер-су жоқ, таянатын тірегі жоқ,
Сықылды да желге ұшар бос түп қаңбақ.

Толық

Қарап көріңіз